+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Ішкі істер министрлігі білім беру мекемелерін тексеруді бастады

2021 жылғы 14 мамыр 21:31
Бөлісіңіз:
Ішкі істер министрлігі білім беру мекемелерін тексеруді бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі білім беру мекемелерінде тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрлікке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Биологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің базалық факторы ретінде енгізілді Ерлан Тұрғымбаев: Мектептердегі қауіпсіздік жүйесіне қатысты кемшіліктер жыл соңына дейін жойылады Ералы Тоғжанов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған іс-шараларды атады

Ішкі істер министрлігінде Білім беру ұйымдарында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кезектен тыс жедел кеңес өтті. Кеңес барысында министр Ерлан Тұрғымбаев ІІМ қызметтері мен аумақтық полиция департаменттерінің басшыларына барлық білім беру мекемелерін бейнебақылау жүйелерімен, қызметкерлер мен келушілерді хабардар ету құралдарымен, дабыл түймелерімен, күзет сигнализациясымен және күзетпен жарақтандыруды тексеруді тапсырды.

17 мамырда басталатын «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде қару мен оқ-дәрілерді сатудың заңдылығын, оларды қару дүкендерінде, сондай-ақ атыс қаруының иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғаларда қауіпсіз сақтау шарттарын тексеруді қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау фактілерін анықтау және ден қою үшін интернет-кеңістіктің тұрақты мониторингі жүзеге асырылатын болады.

«Балалар – қоғамның ең осал бөлігі. Сондықтан олардың қауіпсіздігі әрқашан басымдыққа ие. Жергілікті атқарушы органдармен, білім беру мекемелерімен және азаматтармен бірлесіп біз балалардың мектептерде білім алып, ата-аналардың бала қауіпсіздігі туралы алаңдамауы үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тиіспіз», – деді ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.Бұдан бұрын хабарланғандай, 11 мамырда Қазан қаласындағы мектепте қылмыскер оқ жаудырып, адамдар құрбан болды. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Татарстанның Қазан қаласында болған жағдайға байланысты еліміздегі ағымдағы жағдайға талдау жүргізуді және жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлерде қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырды.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT