+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

2021 жылғы 22 қазан 22:30
Бөлісіңіз:
Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді ауа райы нашарлаған кездегі қауіп-қатерді естен шығармауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысының трассасында жүк көліктері аударылды Тұман, көктайғақ, бұрқасын: 28 қараша күнгі ауа райы Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ведомствоның баспасөз қызметі атап өткендей, алдағы күндері республика аумағында күн суытады, сондай-ақ жел күшейіп, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Метеожағдайдың нашарлауы туралы ескерту аумақтық полиция бөлімшелерінің басшыларына жіберілді.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін ІІМ ауа райын ескере отырып, автокөлікпен ұзақ сапарды алдын ала жоспарлауға шақырады.

Құтқару қызметінің хабарламаларына назар аударып, ауа райы нашарлаған кезде алыс жолға шығуды шектеуге, қажет болған жағдайда көліктің балама түрін пайдалануға кеңес береді.

Күзгі-қысқы кезеңнің басталуына байланысты көлік жүргізу әлдеқайда қауіпті болады, жылдың осы уақытында өте мұқият болу керек.

Жолда күтпеген апаттың алдын алуға көмектесетін автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT