Ішкі істер министрі Жанар Хамитованың өліміне қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әнші Жанар Хамитованың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жанар Хамитованың өліміне қатысты қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалған. Барлық мән-жай тексеріліп жатыр. Барлықтарыңыз да білесіздер, ол жерде өзіне-өзі қол жұмсау фактісі болған. Дегенмен, кейбір нюанстардың болуына байланысты Қарағанды облысында қылмыстық іс қозғалды. Іс аясында барлығы тексеріледі», - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.



Соңғы жаңалықтар