+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Ішкі істер министрі заңсыз митингілерге пікір білдірді

2019 жылғы 23 қыркүйек 13:58
Бөлісіңіз:
Ішкі істер министрі заңсыз митингілерге пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде болған заңсыз митингілерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елорда мен Алматыда заңсыз шеруге шыққандар ұсталды Елордалық белсенділер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митингке шықты Митингіге баламен барғандарға жауапкершілік күшейтілмек

«21 қыркүйекке дейін ҚР Бас прокуратурасы барлық қалаларда заңсыз митингілерге жол берілмейтіндігі туралы алдын ала ескерту жасаған еді. Сонымен қатар, біздің ведомство да бұл іс-қимылдар заңсыз екенін хабардар етті», - дед министр Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере отырып.

Оның атап өтуінше, 21 қыркүйек күні митингілер өтетін орындарға полиция тартылды, сондай-ақ тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

«Осы күні ішкі істер органдарына 100-ге жуық адам жеткізіліп, оның 15-і әкімшілік қамауға алынды және 6 әкімшілік айыппұл салынды. Қалған азаматтарға қатысты профилактикалық жұмыстар жүргізілді», - деді Е. Тұрғымбаев.

Оның сөзіне қарағанда, заңсыз митингілер еліміздің 7 қаласында өткен.

Бұған дейін, Бас прокуратура 21 қыркүйекте болатын шеруге қатысты халыққа үндеу тастаған еді. Осы орайда заңсыз наразылық акцияларын өткізетіндер қандай жауапкершілікке тартылатыны түсіндірілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Адам құқығы, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT