+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Ішкі істер министрі тұрғындарды жеке қабылдады

2019 жылғы 4 желтоқсан 14:23
Бөлісіңіз:
Ішкі істер министрі тұрғындарды жеке қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Nur Otan» партиясында азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алик Шпекбаев «Халық заңгері» акциясы шеңберінде көкшетаулықтарды қабылдады Түркістанда Нью-Йорктің үздік полицейі Димаш Ниязовтың қатысуымен халықтық кеңсе ашылды Сарыағаш ауданында көшпелі қоғамдық қабылдау өтті

Министрмен бірге қабылдауға тергеу, жеке қауіпсіздік департаменттерінің басшылары, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары және «Nur Otan» партиясының өкілдері қатысты.

Қабылдауға Нұр-Сұлтанда тұратын 50-ге жуық тұрғын жазылды. Одан бөлек, тікелей бейнебайланыс арқылы өңірлерден шағымданушылар хабарласты.

«Мен сізге тағы да жүгінуге мәжбүрмін. Тамыз айында алаяқтық ісі жөнінде сіздің жеке қабылдауыңызда болдым. Істі екі рет тоқтатты. Екі тергеуші де шығарған қаулысы үшін жазаланды. Сіз комиссия тағайындадыңыз. Бірақ ешқандай тұжырымдама мен хабарлама алған жоқпын. Қанша уақыт өтсе де, бас тарту түріндегі жауап алып келемін», - деді Шымкент қаласынан хабарласқан Лилия Ахметова.

«Сіздің мәселеңіз бойынша бас прокуратураға екі рет өтінішхат жібердік. Сіздің айғақтарыңыз қосымша тергеуді қажет етеді. Алайда Бас прокуратура істі қараудан ресми түрде бас тартты. Жазбаша хабарлама бар», - деп түсіндірді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы.

Өз кезегінде министр Бас прокурордың атына өтініш жазуға кеңес берді.

«Сіздің қылмыстық ісіңіз бойынша тергеушілер жазаланды. Барлық кедергілер жойылды, тергеу жүргізілді. Сізге енді жеке тұлға ретінде Бас прокурордың атына өтініш жазуды ұсынамын. Мен де сіздің өтінішіңізді қолдаймын. Бұл – тығырықтан шығатын жалғыз жол, өйткені бұл қаулының күшін жоймай, заң бойынша тергеу жүргізілмейді. Шымкенттің полиция департаменті арыз жазуға және оны рәсімдеуге көмектеседі», - деді Е. Тұрғымбаев.

Қабылдауға полиция қызметкерлерінің әрекетіне, қылмыстық істің жабылуына немесе қылмыстық істің нәтижесіне көңілі толмау сынды түрлі сипатта арыз-шағым түсті. Сонымен бірге, кешірім сұрау немесе жазаны ауыстыру, қылмыстық істің нәтижесімен келіспеу, қылмыстық істің тоқтатылуы жөнінде өтініштер жазылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT