+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ішкі істер министрі Қасымов 5 баланың өмірін жалмаған өрттің шығу себебін айтты

2019 жылғы 5 ақпан 10:33
Бөлісіңіз:
Ішкі істер министрі Қасымов 5 баланың өмірін жалмаған өрттің шығу себебін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл беру маусымы басталғаннан бері өрт азайғанымен, уланудан қаза тапқан адамдар саны 12 пайызға артып отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 айлықтан 12 жасқа дейін 5 бала қаза тапты. Өрттің себебіне келер болсақ, пеш жаққанда қауіпсіздік шарасы сақталмаған. Өрт содан шығып отыр. Содан кейін балалар түнгі уақытта қараусыз қалған. Өрт сөндірушілер 7 минутта жеткен. Полиция мен жедел жәрдем де осы уақытта болған. Бірақ, өкінішке орай жағдайдың алдын алуға мүмкіндік болмады», - деді Қ.Қасымов.

Оның айтуынша, елімізде қазіргі уақытта мұндай жағдайлар аз емес. Дегенмен, жылу беру маусымы өткен жылдың 15 қазанында басталған бері бері өрт біршама азайды.

«Ең бастысы қаза тапқандардың саны азайды. Бірақ, уланудан қаза болғандар саны 12 пайызға артып отыр. Жыл сайын біздің өртке қарсы қызмет алдын алу шараларын жүргізеді. Соңғы бірнеше айда 1,7 млн жеке үйді аралады. 4 млн адаммен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы жағдайға байланысты тағы жұмысты жандандырамыз», - деді министр.

Бүгінгі Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өрттен қаза тапқан 5 баланың ата-анасына көңіл айтты.

Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанада өрт шықты. Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылғы 5 қыз баланың денесі табылды.

Олардың кішісі небәрі үш айлық сәби еді. Өрт кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT