Ішкі істер министрі еліміздегі дипломатиялық миссияларды күзету жұмыстарын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мамандандырылған күзет қызметі 73 дипломатиялық миссияны күзетеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр дипломатиялық өкілдіктерді, инвестиция субъектілерін және шетел компанияларының бизнесін қорғау бойынша шаралар қабылдау мәселесіне тоқталды.

«Қазіргі уақытта ішкі істер органдары ерекше режимде қызмет атқарып жатыр. Аса маңызды мемлекеттік объектілердің күзеті күшейтілді. Дипломатиялық миссиялардың ғимараттарына қосымша қарулы бекеттер қойылды. Мамандандырылған күзет қызметімен 73 дипломатиялық миссия күзетіледі», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын таныстырылды. Талқылаудан кейін құжат жобасы бекітілді.


Соңғы жаңалықтар