Ішкі істер министрі Алматы ауруханасында жатқан полицейдің жағдайын білді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы жағдайды жеке бақылауға алды. Бүгін ол жұмыс сапарымен қалаға арнайы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Polisia.kz. сілтеме жасап.

Министр №7 қалалық клиникалық ауруханада жатқан полиция қызметкері аға лейтенант Ербұлан Сейдазымның жағдайын білуге барды.

Апаттан соң дәрігерлер оған біріккен жарақат, бас сүйегінің жабық жарақаты, мидағы ауыр контузия, жақ сүйегінің эпидуральды қан кетуі диагнозын қойды. Зардап шеккен полицейге екі операция жасалды. Бас сүйегінің резекциялы трепанациясы және бас сүйек ішіндегі гематома алынды.

Ерлан Тұрғымбаев дәрігерлер консилиумына қатысты. Мамандардың айтуынша, пациенттің жағдайы ауыр, бірақ оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Дәрігерлермен әңгімелескеннен кейін министр полиция қызметкерінің тез сауығып кетуін тіледі.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 25 мамыр күні таңға жуық № 4 блокпоста болған. BMW жүргізушісі мас күйінде бетон қоршауға соғылып барып, инерциямен патрульдік полиция көлігін қаққан. Соның кесірінен екі полиция қызметкері көз жұмды.

Үшінші полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр

Апатқа кінәлі жүргізуші бұрын полицияда жұмыс істеген.

Қайғылы оқиғадан кейін 3 лауазымды қызметкер жұмыстан босатылды.


Соңғы жаңалықтар