Ішкі астық нарығын тұрақтандыру шаралары іске асырылады - Мәжіліс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құжатты ҚР Парламентінің депутаттары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай енгізілген кезде елді азық-түлік астығымен кепілді түрде қамтамасыз ету, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның мәртебесі мен рөлін заңнамалық тұрғыдан айқындау мақсатында әзірледі.
Заң жобасында көзделген түзетулер астықтың тұрақты жұмыс істейтін резерв қорын қалыптастыру арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыруға, соның нәтижесі ретінде ішкі астық нарығын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, заң жобасында ұсынылып отырған жаңалықтар мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы салаларына арналған жемшөп базасын дамытуға, сондай-ақ тұқымдық және жемдік қорларды қалыптастыру арқылы жоғары сапалы тұқымдар өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған.
Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдарға алып келмейді.
Мәжіліс депутаты Сергей Звольский астықтың резерв қорын сақтауға республикалық бюджеттен шамамен 2,4 млрд теңге мөлшерінде жыл сайынғы қаржы бөлу талап етілетінін жеткізді.
- Атырауда мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқарды
- Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл заң жобасының редакциясын кері қайтаруды ұсынды
- Азық-түлік өнімдерін сертификаттау саласында аккредиттеудің жаңа бағыты енгізілді
- Алматыда супермаркет азық-түлік бағасын негізсіз көтерген
-
Қазақстанда ет өнімдері неге қымбаттап кетті
-
Санат Көшкімбаев: Алдағы жаңғыртулардың маңызды бөлігі – саяси реформалар болмақ
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам