Ішімдікке және есірткіге тәуелді 156 бала есепте тұр – ДСМ

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде ресми дерек бойынша 20-34 жастағы азаматтар синтетикалық есірткіге әуес келеді. Аталған мәселені Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Есірткімен күрес өте маңызды, себебі мәселе өскелең ұрпаққа қатысты болып отыр. Бүгінде елімізде 156 бала есепте тұр. Оның ішінде 82 бала ішімдікке және 72 бала ескірткіге тәуелді. Біздегі мәліметке сәйкес, синтетикалық ескірткіге құмарлық әсіресе 20-34 жастағы азаматтар арасында жиі кездеседі. Аталған проблеманың алдын алу және күресу мақсатында біздің министрлік екі бағытта жұмыс істеп жатыр. Алдымен есірткіге тәуелді жандарды емдеу, екіншіден түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізіп, салауатты өмір салтын насихаттау», - деді Вячеслав Дудник орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Вице-министрдің айтуынша, синтетикалық есірткіге тәуелділіктен арылу өте қиын.

«Осы орайда проблеманың алдын алу, яғни есірткі таратудың жолын кесу бойынша профилактикалық шараларды өткізу маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біздің министрлік Ішкі істер министрлігі және басқа да құзырлы органдармен бірлесіп, есірткіге қарсы күреске арналған кешенді жоспар әзірледі. Оған сәйкес ДСМ 11 іс-шара ұйымдастыруға жауапты», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар