Ішімдікке сылқия тойған ер адам Жайық өзеніне батып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО-ның Ақжайық ауданында ер адам Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағы судан құтқару қызметінің басшысы Алексей Еремеевтің айтуынша, оқиға кеше Чапаев ауылында түс шамасында болды.

1983 жылғы ер адам мас күйінде суға түсуге рұқсат етілмейтін жерден түскен. Марқұмның денесін сағат 15.50-де № 6 жедел құтқару жасағы бөлімінің қызметкерлері (5 адам 1 техника, 1 жүзу құралының көмегімен) алып шықты.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, әзірге жыл басынан бері облыста екі адам суға кеткен болып есептеліп отыр. Қалғандары бойынша себебі сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес белгілі болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде тағы бір адамның суға кеткенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар