Ішек инфекциясынан қалай сақтануға болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы №11 қалалық емхананың жоғары санатты инфекционист дәрігері Перуза Арықова қауіпті инфекцияның себептері мен алдын алу жолдарын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәргердің айтуынша, ішек инфекциялары жылдың барлық мезгілінде болады. Десекте, адамдар жазда көбірек аурады. Бұл ауа райының ыстығына байланысты.

Ішек инфекцияларының ең қауіптісі сальмонеллез, дизентерия және тағамдық токсикоинфекция.

Егер ішек инфекциясын уақытында емдемесе, онда бұл адамға дегидратациямен қауіп төндіреді.

Ішек инфекциясының алғашқы белгілері әр түрлі жолмен көрінуі мүмкін: бас айналу, жүрек айну, құсу, іштің мезгіл-мезгіл ауыруы, диарея, қалтырау.

«Ішек инфекциясы ағзаға кір қол, ашық су және дұрыс сақталмаған тағамдар, жуылмаған көкөністер мен жемістер арқылы жұғады. Сондықтан қолыңызды сабынмен жиі жуып, қайнаған су ішіп, тек жаңа дайындалған тағамдармен тамақтану керек «, - дейді маман.

Ішек инфекциясы – бірінші кезекте ас қорыту жолын зақымдайтын жұқпалы аурулардың тобы. Оның пайда болуына негізінен микроағзалардың бактерия, вирус сынды түрлері себеп. Инфекция көзі – науқас адам немесе жіті ішек инфекция қоздырғыштарының тасымалдаушысы. Айналадағы адамдар үшін, әсіресе, аурудың жеңіл, анық байқалмайтын және симптомсыз түрлеріне шалдыққандар өте қауіпті.


Соңғы жаңалықтар