‎Исекешев жол сызықтарын белгілеу неліктен күндіз жасалып жатқанын түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев жолдағы сызықтарды белгілеудің неліктен түнде емес  күндіз жүргізілгенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Неліктен мұндай жұмыстар Алматы қаласындағы секілді түнде жүргізілмейді? Міндетті түрде күндіз жасалуы керек пе, онсызда көлік кептелісі көп», - деп жазды әлеуметтік желі қолданушысы Фейсбуктегі елорда мәселесіне қатысты топта.

Әсет Исекешев бұл жұмыстар ауа райы қолайсыздығына байланысты күндізгі уақытта жасалып жатқанын атап өтті. 

«Жол белгілемесін сызу ауа райына байланысты кешіктірілуде. Бұл жұмыстарды жүргізу және сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті ауа температурасы +15 градус. Күн жылына бастағанда, алдағы уақытта жұмыс күндіз де түнде де жүргізіледі. Жайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Осы жұмыстармен қатар жолдарды жөндеу жүргізіледі», - деп жауап берді Әсет Исекешев.

Соңғы жаңалықтар