Исекешев жаңа инновациялық жобаларды жариялайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейбітшілік және келісім сарайында басталған XI Инновациялық форумында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев ағымдағы айдың соңында жаңа инновациялық жобаларды жариялайтынын мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала басшысының айтуынша, бүгінде инновацияларды дамытуға арналған үкіметтік бағдарламадан бөлек қаланың өз бағдарламасы бар. «Солардың бірін біз «Даму қорымен бірлесіп іске асырып келеміз. Сондай-ақ жергілікті бюджеттің есебінен қаржыландырылатын жобалар бар. Яғни, біз стартап жобаларға қолдау жасап отырамыз. Өткен аптада Назарбаев университетімен бірге стартап сессияны өткіздік. Жылдың аяғына дейін үздік инновациялық компанияларға 30 млн. теңге бөлінеді», - деп атап көрсетті Ә.Исекешев.

Әкімнің сөзіне қарағанда, қарашаның 30-ы күні елордада «Астана Smart city» атты xалықаралық форум ұйымдастырылады. «Сол жерде біз өзіміздің алғашқы жобаларымзды жариялаймыз», - деп атап көрсетті қала басшысы.

Айта кетейік, бүгінде елордада озық теxнологиядарды кеңінен қолдану шаралары атқарылып келеді. Себебі келесі жылы Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді. Ал одан кейін көрме аймағында «Астана xалықаралық қаржы орталығын ұйымдастыру жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар