+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Исекешев, Рау, Бақауов: Қазақстандағы алғашқы энергия үнемдеу саласындағы марапат иегерлері анықталды

2019 жылғы 29 қараша 17:24
Бөлісіңіз:
Исекешев, Рау, Бақауов: Қазақстандағы алғашқы энергия үнемдеу саласындағы марапат иегерлері анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында ІІ Халықаралық Энергия үнемдеу форумының шеңберінде он марапат салтанатты түрде тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

Марапаттың алғашқы иегерлері Әсет Исекешев – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры, Болат Бақауов – Павлодар облысының әкімі, Альберт Рау – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Арман Мәулешев – «ҚазАзот» АҚ бас директоры, Тимур Нұрашев – Еуразия экономикалық комиссиясы техникалық реттеу департаментінің директоры, Сырым Нұрғалиев – БҰҰДБ жобасының менеджері, Олжас Әлібеков – «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, Дәурен Тоқбаев «Қазақстан Энергия аудиторлары қауымдастығы» ЗТБ президенті, Ермек Марабаев – «Норт Каспиан Оперэйтинг компани Н.В» басқарушы директорының орынбасары және Таумұрат Лұқпанов Мемлекеттік Энергетикалық Тізілім орталығының ШҚО бойынша өңірлік өкілі.

Марапат энергия үнемдеу саласының жұмыскерлеріне, сонымен қатар энергия үнемдеуді дамытуға және энергия тиімділігін арттыруға жеке үлкен үлесін қосқан тұлғаларға, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы көрнекті әзірлемелер үшін табысталады. Сонымен қатар кадрларды дайындаудағы және олардың біліктілігін жоғарылатудағы жоғары жетістіктер үшін, Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнамалық базасын жетілдіруге қосқан жеке үлес үшін беріледі. Марапатпен энергия үнемдеуді дамыту саласындағы көпжылғы адал еңбек пен Қазақстан халқының арасында энергия үнемдеу тәлім-тәртібін таратудағы жетістіктер де атап өтіледі.

«Энергия үнемдеу саласына қосқан үлесі үшін» төс белгісі ведомстволық марапаттар тізбесіне ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес 2019 жылғы 8 қарашада енгізілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT