Исекешев министр кезіндегі жұмысын еске алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің айтуынша, қазақстандық компанияларды инновацияларды қолға алуға мемлекет қана емес, дағдарыс та үйретті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде «инновациялар» сәнді бір сөзге айналды. Бұл сөз кез келген компанияның табысты жолын анықтайды. Әлі есімде, осыдан он жыл бұрын Қазақстанның даму банкіне, «Даму» қорына және тағы басқа қаржы ұйымдарына барған көптеген кәсіпорындар теxнологиялар туралы мүлдем сөз қозғаған жоқ.

«Ой, мен бір құрал-жабдықтарды әкеле саламын» деп қоятын. Ал озық теxнологияларға мән бермейтін. Инженерлерді даярлау жұмысына да көңіл бөлген жоқ. Қазір көптеген компаниялар инновациясыз кәсіптің жүрмейтінін түсінді. Бір жағынан дағдарыс та көмектесіп, олардың көзін ашып берді. Бүгінде инновацияларды өндірісте ғана емес, маркетингте де кеңінен қолданып келеді. Енді, бәрі түсінген шығар, өткен онжылдыққа негізгі мәселе қаржыға тірелсе, ағымдағы онжылдықта теxнологиялық жаңалықтар бірінші орынға шығып отыр», - деді Исекешев XI Инновациялық форумында.

Айта кетейік, Қазақстанның Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы Әсет Исекешевтің жеткешілігімен қолға алынған болатын. 2009 жылдан бастап ол Индустрия және сауда министрі қызметіне тағайындалған болатын. Содан бері аталған мемлекеттік органның атауы «жаңа теxнологиялар және инновациялар», одан кейін «инвестициялар және даму министрлігі» болып ауысса да, индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығында индустриалдық бағытқа басымдық берілді.

Енді, екінші бесжылдықта инновацияларға көңіл бөлінеді. Алайда бұл жұмыс Исекешевтің ізбасары - министр Жеңіс Қасымбекке жүктеліп отыр. Ал Исекешевтің өзі биыл индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығы бойынша есеп берердің алдында Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар