Исекешев лифтісі құлай беретін елордалық ТК тұрғындарымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешев елорданың Алматы ауданындағы лифтіге қатысты оқыс екі оқиға тіркелген тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін елорда әкімі Әсет Исекешев, Алматы ауданының әкімі және тұрғын үй инспекциясының жетекшісі кеше лифтісі құлаған Эдем Палас кешенінің тұрғындарымен кездесті», - деп жазды осы кешеннің тұрғыны Ирина Костерева әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Тұрғын үйде мәселе тек лифтіде ғана емес, - дейді ол. - Қала басшылығы өзіміз сайлаған ПИК-ті тіркеуге көмектесуге, аумақты көгалдандыруға, балалар мен спорт алаңын орнатуға қолдау көрсетіледі деп сендірді. Сең қозғалды десек болады. Қала әкімшілігі берген уәделерін орындайды деген үміттеміз. Демалыс күнгі кездесуге алғыс айтамыз!».

null  

Соңғы жаңалықтар