Исекешев электр желілеріндегі ірі апатты жою жұмыстарын жеке бақылап жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жарықсыз қалған элиталы тұрғын үй кешендеріндегі электр энергиясы алдағы сағаттарда қалпына келтіріледі.

Бұл туралы елорда әкімі Әсет Исекешев Facebook -тегі өз парақшасында мәлім етті.  

Осы уақытта шаһар басшысы апат салдарын жою жұмыстары атқарылып  жатқан жерде жүр.

«Қазір ғана апат орнында әріптестеріммен іс-әрекет жоспарын талқыладық. Бүлінген кабельдердің бірнеше бөлігі қалпына келтірілді. Бірақ, қосу кезінде кабель кернеуді көтере алмады. Апаттық қызмет жұмыс істеуде. Осы уақытта кезекті апатты жоюмен айналысуда. Жұмыстар, өкінішке қарай, бір сағаттан астам уақытты алады. Себептері мыналар: вандалдар кабельдің мыстан жасалған қабатын шешіп алған. Ол кабельдің жерге қосылуын және тұйықталу жағдайында оның қалыпты жұмысын қамтамасыз етуі тиіс болған. Қазір екі шақырым кабельдің мыстан жасалған қабаты жоқ. Желілер «Базистің» меншігінде. Жана ғана Беловичпен кабельді антивандалдық нұсқаға (цирконий-алюминийлі) ауыстыру туралы сөйлестім. Дегенмен де, біздің қызметтер екі дизель-генераторды қосып, нысандарды уақытша энергиямен қамтамасыз етті. Бұл жылу мен суды беруге және лифтілердің жұмысын іске қосуға мүмкіндік берді», - деп жазды әкім.

Еске салайық, «Астана-РЭК» АҚ-ның хабарлауынша, 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 23:53-те екі тұрғын үй кешенін («Итальянский квартал» және «Городской романс») электр энергиясымен қамтамасыз ететін 187-үлестіру пунктіне қуат жеткізетін екі жоғары вольттыкабель істен шықты . Апатқа қысқа тұйықталу себеп болған.

Соңғы жаңалықтар