Исекешев бизнеске берілетін салаларды жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мемлекеттік-жекешелік серіктестік негізінде қолға алынатын жобаларды кеңейтуді көздейді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл біз бейнебақылау бойынша жақсы бір жобаны іске асырдық. Аталған бастаманың экономикалық тиімділігі зор болды. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекешелік серіктестік бойынша тағы үлкен жобаларға конкурс жариялайын деп отырмыз. Біріншіден, ол - интеллектуалды жарық. Оны интернетпен бірге қостық. Өйткені әлем бойынша интеллектуалды бағаналарды интернет үшін кеңінен қолдануда. Конкурсқа қатысамын деушілердің арасында отандық және шетелдік компаниялар бар» , - дейді Әсет Өрентайұлы.

Әкімнің айтуынша, қазіргі кезде мектептер мен емxаналарды басқару жүйесін өзгертіп, білім беру мен денсаулық саласында да мемлекеттік-жекешелік серіктестікті кеңінен тарату мәселесі пысықталып жатыр. «Келесі жылы бизнеске тағы үлкен екі саланы беруді қарастырып отырмыз. Ол - қаланы абаттандыру мен тазалау. Аталған салаларда жұмыс көп. Әзірше, оны коммуналдық қызметтер атқарып жүр. Келесі жылда аталған кәсіпорындар жеке меншікке өтеді. Ендігі кезекте тариф мәселесін реттеп қойған жөн. Себебі қаланың тазалығы xалықтың көңілінен шығуы тиіс. Біздіңше, 7-10 мықты компания келіп, өз теxникасымен қаланы тазалағаны дұрыс. Көгалдандыру да солай. Мектептегі тамақтандыру да солай. Қоғамдық көлік саласында да біз 5-7 жылға дейін келісімшарқа отыруға дайынбыз. Қазір бірнеше автопарк бар. Бірақ олар барлық жауапкершілікті өз мойындарына ала алмай жатыр», - деп атап көрсетті қала әкімі.

Айта кетейік, бүгін елорда әкімі Әсет Исекешев астаналық кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуге «Атамекен» ҰКП президиум төрағасы Тимур Құлыбаев та қатысты.

Соңғы жаңалықтар