+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Исекешев Астанадағы түнгі клубтарды 23.00-ден кейін жаптырмақ

2017 жылғы 19 қаңтар 01:49
Бөлісіңіз:
Исекешев Астанадағы түнгі клубтарды 23.00-ден кейін жаптырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарына бақылауды күшейту мәселесін қарастыруда.

Бұл туралы сәрсенбі күні өткен пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) жұмысына арналған қоғамдық тыңдауда қала әкімі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Біз бұл мәселені талқыладық, тұрғын үйлерде орналасқан аталған орындардың жұмысына түнгі он бірден кейін тыйым салу мәселесін мәслихатқа енгізуді көздеп отырмыз», - деп хабарлады Ә.Исекешев қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінің тұрғыны қойған сұраққа жауап бере отырып.

«Бұл мәселені мәслихат деңгейінде шешу қажет, егер болмай жатса, заңнамаға түзету енгізуді өтінеміз. Тұрғындардың құқықтары - бірінші кезектегі мәселе. Сондықтан бұл жерде (түнгі уақытта жұмыс істейтін ойын-сауық орындарына қатысты - Ред.) шараларды қатайту мүмкіндігін қарастыру қажет. Бірінші рет - айыппұл, екінші рет - айыппұл сомасы көбірек, үшінші рет - қызметіне тыйым салу. Бізге бұл бағытта заңнамалық түрдегі жұмысты пысықтау қажет», - деп қорытындылады Астана әкімі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT