Исатай Сартаев «Сырбар» сыртқы барлау қызметін уақытша басқаратын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаевқа Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Қуандықұлы Шаймерденов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары болып тағайындалды.

Ал Күзембек Станбайұлы Әденов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды. 

Соңғы жаңалықтар