Исатай Сартаев ҚР Сыртқы барлау қызметінің басшылығынан босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Исатай Бақтиярұлы Сартаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ Елбасының Өкімімен Исатай Бақтиярұлы Сартаев - Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар