Исатай блогын ҚазМұнайГаз бен «Эни» компаниясы бірге игереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі, «Эни» компаниясы және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Каспий теңізінде орналасқан Исатай блогында көмірсутегін барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының 50 пайызын «Эниге» беру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алдын-ала бағалауға сәйкес көмірсутегінің айтарлықтай қоры бар лицензиялық аумақта операциялық қызметті «Эни» (50%) және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (50%) бірлесіп құрған «Исатай Оперейтинг Компани» компаниясы жүзеге асырады. Аталған мәмілені жасасу Каспий шельфіндегі күрделі техникалық және экологиялық жағдайда жұмыс жүргізуде үлкен тәжірибесі бар, геологиялық барлаудағы әлемдік көшбасшы «Эни» компаниясының озық технологияларын пайдаланатын жаңа операциялық компания қызметінің бастамасын білдіреді», делінген хабарламада.

Келісім нәтижесінде «Эни» компаниясының Қазақстандағы қызмет саласы кеңейеді, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның негізгі әріптесімен стратегиялық ынтымақтастық нығаяды.

Айта кнтерлігі, Қазақстанда «Эни» компаниясы Қарашығанақ кен орнының бірлескен операторы (үлестік қатысуы - 29,25%), сондай-ақ Қашаған ірі кен орнын (үлестік қатысуы - 16,81%) қоса алғанда, Солтүстік Каспийдегі бірнеше жобаның қатысушысы.

Соңғы жаңалықтар