Исатай ауданында Тәуелсіздік монументі ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Исатай ауданында Тәуелсіздік монументі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тәуелсіздік монументі Исатай ауданының орталығы – Аққыстау ауылында бой көтерген.

Монументтің биіктігі – 16, ұзындығы мен ені – 6,5 метр. Оның мұнарасында қазақ халқының киелі шаңырағы, оның жанында ұшып жүрген құстар бейнеленген.

«Монумент – тарихи-танымдық маңызы зор нысан. Мұнараның биігіне киелі шаңырағымыздың орнатылуының астарында Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын деген идея бар. Тәуелсіздігіміз баянды болса, еліміз де еңселі болады», - деді монументтің ашылуына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов.

Мұнараның артқы жағында биіктігі – 5, ұзындығы – 7, ені – 1,10 метрлік 3 колоннаға рельефт-мүсіндер орнатылған. Онда Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ант беру сәті мен еліміздің 30 жылдағы жетістіктері көрініс тапқан.

Еске сала кетелік, бұған дейін Тәуелсіздік жылдарында Атырау облысында 12 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар