Иса Ақбербаев Олимпиадада Қазақстанды «алтынсыз» қалдырған ресейлік боксшымен айқасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев (20-0, 15КО) 2 қараша күні Екатеринбургта (Ресей) Евгений Тищенкомен (5-0, 3КО) WBO титулы үшін айқасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан кәсіпқой боксы» федерациясынан мәлім еткендей, Исаның қарсыласы Евгений Тищенко – 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы. Дәл осы боксшымен Риода қазақстандық Василий Левит финалда кездесіп, Тищенко күмәнді жеңісімен еліне оралған болатын.

Ақбербаев-Тищенко жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақтағы WBO Intercontinental титулы сарапқа салынады. Айқас он раундқа есептелген.

Айта кетсек, Иса Ақбербаев соңғы айқасын 2017 жылдың желтоқсан айында өткізген болатын. Ол кездесуінде боксшы Киевте Босния мен Герцеговинадан келген Мирнес Денадичтен (12-12-2, 6КО) басым түскен еді. Ақбербаев бір жылдары Абель Санчестің залында Геннадий Головкинмен бір командада жаттыққан.



Соңғы жаңалықтар