«ИРНА» басшысы: ҚазАқпараттың ұлы ұлтқа 100 жыл қызмет етуі – үлкен жетістік

None
None
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат – Ұлы ұлтқа 100 жыл қызмет ету – бұл үлкен жетістік. Иран Ислам Республикасының «ИРНА» ақпарат агенттігінің басшысы Мохаммад Реза Норузпурдың «ҚазАқпарат» ХАА-ның мерейтойына орай жолдаған құттықтауында осылай делінген.

«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің басқарма төрағасы Асқар Умаров мырзаны, ҚазАқпараттың басшыларын, редакторларын, журналистері мен басқа да қызметкерлерін «ИРНА»-дағы әріптестерінің атынан агенттіктің құрылғанына 100 жыл толу мерекесімен құттықтаймыз.

Ұлы ұлтқа 100 жыл қызмет ету – бұл үлкен жетістік.

Соңғы жылдары «ИРНА» мен «ҚазАқпарат» агенттіктері арасында тығыз кәсіби қарым-қатынас орнады.

«ИРНА» «ҚазАқпарат» агенттігі ұйымдастырған, соның ішінде Наурыз мерекесіне арналған бірнеше фотокөрме мен онлайн-фотогалереяларға белсенді түрде қатысты. Біз бір-бірімізбен идея, тәжірибе жаңалықтар мен ақпарат алмастық.

Ортақ мәдени мұрасы және өңірдегі ортақ мүдделері бар екі бауырлас халық болғандықтан, Иран мен Қазақстан арасында осындай байланыс қалыптасты.

Биылғы жылдың басында біз Президент Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын жарияладық.

Шілде айының басында кейбір батыстық БАҚ Қазақстандағы COVID-19-ға қатысты жалған жаңалықтар мен әділетсіз сараптамалар жариялаған кезде, «ИРНА» Қазақстанның пандемиямен күрес жөніндегі тиімді шаралары туралы мақала ұсынды.

Ал осыдан бірнеше күн бұрын ирандықтар мен қазақтар құрметтеп, жақсы көретін – ұлы философ және ғалым Әбу Насыр әл-Фараби туралы қазақстандық профессордың мақаласын жарияладық.

«ИРНА» мен «ҚазАқпарат» сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты өңірінің ақпарат агенттіктерінің ұйымы (OANA) аясындағы ынтымақтастықты дамытуда.

Болашақта екі агенттіктің қарым-қатынасы одан әрі жақсарады деп сенемін.

Сіздерді тағы да «ҚазАқпараттың» құрылғанына 100 жыл толуымен құттықтай отырып, зор денсаулық және табыс тілеймін!», - делінген құттықтауда.


Соңғы жаңалықтар