«Ирма» дауылы қиратқан зообақтағы жануарларды браконьерлер ұрлап кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кариб теңізіндегі Сен-Мартен аралындағы хайуанаттар бағын "Ирма" дауылы қиратып кеткеннен соң тонаушылар ондаған жануарды ұрлап кеткен. 

Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Дауыл салдарынан көптеген жануарлар мерт болған, ал кейбірін браконьерлер қолды еткен. Зообақ жұмысшысының айтуынша, сирек кездесетін кесіртке қатты қорыққаннан мерт болған. Ірі тотықұстардың бірі өзінің торынан қашып шығып, кайманның азығына айналған. Бұдан бөлек, қолтырауын бірнеше қоянды жеп қойған.

Аралдың жергілікті тұрғындары Кариб бассейніндегі ірі ззобақтардың бірін қалпына келтіруге көмектесіп жатыр. 100-ге жуық отбасы шағын жануарларды уақытша үйлеріне қалдыруға келіскен.

1991 жылы ашылған зообақта 300-ден астам жануар тіршілік еткен. «Ирма» дауылы салдарынан ол толықтай қираған. Зообақ хатшысы Мелани Шуазидің айтуынша, оны қалпына келтіру мүмкін емес. 

Соңғы жаңалықтар