«Ирма» дауылы Флоридаға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төртінші дәрежелі «Ирма» дауылы Флорида штатының оңтүстік шығыс бөлігіне жетті. Штаттың барлық 67 округінде төтенше жағдай жарияланды, деп жазды бүгін utro.ru.

Американың дауылдарды бақылау ұлттық орталығының деректері бойынша, «Ирманың» ошағындағы желдің жылдамдығы 96,1 метр/секундқа жетті. Дауыл Флориданың ішкі аумағына секундына 5,8 метр жылдамдықпен кетіп барады.

Алғашқы соққыны 80 мыңнан астам тұрғыны бар Флорида-Кис архипелагы алды.

Reuters агенттігінің мәліметтері бойынша, онда болған жол-көлік апатынан ер азамат қайтыс болды. Ол ресми түрде «Ирма» дауылының алғашқы құрбаны болып жариялануы мүмкін.

Бұған қоса осы кезде 650 шаруашылық нысаны электр қуатынсыз қалды.

Соңғы жаңалықтар