Ірі және шағын бизнес нысандармен 20-30 жылдық стратегиялық келісімшарт жасау керек - ғалым
2022 жылғы 20 қаңтар 16:37

Ірі және шағын бизнес нысандармен 20-30 жылдық стратегиялық келісімшарт жасау керек - ғалым

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экономика ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Исабеков елдегі ірі бизнесті шағын және орта бизнесті тапсырыспен қамтамасыз етуге міндеттеудің тетігін жолға қоюды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Хабар» телеарнасындағы «Большая неделя» бағдарламасының бұл жолы саны Қазақстандағы инвестициялық климат тақырыбына арналған болатын. Экономист ғалым Бауыржан Исабековтың айтуынша, инвестиция әрдайым сырттан іздей бермей, бір уақыт жергілікті алпауыттарды ұлттық экономикаға жегу қажет.

«Әлемдегі тәжірибе экономиканың орнықты дамуы үшін шағын және орта бизнестің жалып ішкі өнімдегі үлесі 50 пайыздан төмен болмауы керек екенін көрсетеді. Халықтың осы салада жұмыспен қамтылуы да 50 пайыздан кем болмауы керек. Біздің мақсатымыз осы болуы керек.

Ол үшін бізге не керек? Біздің табиғи байлығымыз мол екені рас. Бірақ нарық өте қатал. Ешкім өз сегментін ұсынып, ығысып орнын бере салмайды. Сондықтан, үлкен, шағын, орта бизнестің кооперациясы керек. Бұл үшеуінің басын «қазақстандық мазмұн» ұғымының айналасында қосуға болады. Үлкен, орта және шағын бизнестер арасында 20-30 жылға стратегиялық құжаттар бекіту қажет. Мұнай өндіру, тау-кен металлургия кешені, астық шаруашылығы сияқты ірі субьектілер шағын және орта бизнеске тапсырыс беріп отыруы керек», - деді профессор.

Экономика ғылымының докторы шағын және орта бизнестің жалпы ішкі үлесін 50 пайызға жақындатпай тұрып инновация, инвестициялық тартымдылық туралы туралы ойлаудың тиімділігі шамалы деген пікір білдірді.

«Жалпы ішкі өнімнің құрылымында шағын және орта бизнестің қазіргі үлесі 15-17 пайыз ғана. Президент айқандай 60 пайызы квазимемлекеттік секторға, 20-25 халықаралық менеджменттің үлесінде», - деді Бауыржан Исабеков.


Jańalyqtar

MURAǴAT