Ірі су қоймалары 60-75 пайыз толып тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ірі су қоймаларының орташа толуы 60-75 пайызды құрайды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республика аумағында барлығы 1 806 тірек гидротехникалық құрылыс (ГТҚ) бар. Осы жылдың қаңтар айындағы жағдай бойынша 1 322 ГТҚ зерттелді. 471 нысан жөндеуді талап ететіні анықталды, оның 327–сі коммуналдық меншікте. Министрлік ГТҚ тасқын суларын қауіпсіз өткізу және қажетті инертті материалдар мен техниканы дайындау қажеттілігін жергілікті атқарушы органдар назарына жеткізді. Бүгін тағы да назарға саламыз. Өз алдына министрлік 41 республикалық меншіктегі ГТҚ-ны қайта жаңартуды жүргізуде», - деді ол.

Министрдің айтуынша, республика аумағындағы ірі су қоймалар бойынша орташа толу 60-75 пайызды құрайды. Ірі су қоймаларына ағынның күтілетін көлемі норма шегінде.

«Барлық су қоймаларында су қабылдауға арналған бос көлем бар. Су қоймалар бекітілген жұмыс режиміне сәйкес жұмыс атқаруда», - деді Зүлфия Сүлейменова.


Соңғы жаңалықтар