Ірі сомада бюджет қаражатын игере алмай жатқан министрліктер аталды

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында жылдың 8 айында республика бюджетінің 49 млрд теңгесі игерілмей қалғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік бюджеттің шығысы 98,4%, республикалық бюджеттің шығысы – 99,5%, жергілікті бюджеттердің шығысы 97,6% атқарылды.

Республикалық бюджет бойынша 11,7 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізілді.

Атқарылмау 60 млрд теңгені құрады, оның ішінде 11 млрд теңге – үнемдеу. Игерілмегені – 49 млрд теңге», - деді министр.

Айтуынша, игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Ішкi iстер, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар және Оқу-ағарту (Ғылым және жоғары білім министрлігі) министрліктерінде қалыптасқан.

«Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбау, шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу, төлемдердің нақты көрсетілген қызмет көлемі үшін жүргізілуі, есепті айда қаражаттың шығындалуына қажеттіліктің болмауы», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар