+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.96 EUR 423.78
RUB 6.03 CNY 54.16
Jańalyqtar

Ірі кәсіпорындар көпбалалы қызметкерлерін баспанамен қамтиды - Ержан Жылқыбаев

2019 жылғы 1 тамыз 12:48
Бөлісіңіз:
Ірі кәсіпорындар көпбалалы қызметкерлерін баспанамен қамтиды - Ержан Жылқыбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елдегі ірі кәсіпорындар мен бизнес қауымдастықтары көпбалалы қызметкерлерін баспанамен қамту үшін 38 млрд теңгеден астам қаражат жұмсауға дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 1 желтоқсанға дейін құжатты жаңарту керек Таразда 1 млн теңге тұрғын үй сертификаттары беріледі Әкімдіктерде әлеуметтік баспана алу кезегі 3 есеге артты

Елордада өтіп жатқан Отбасылар форумында сөз алған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ержан Жылқыбаев осындай мәлімет айтты.

«Мемлекет тарапынан әлеуметтік көмектің 39 түрі көрсетіледі. Сол үшін жыл сайын 3,3 трлн теңге, яғни бюджеттің шығыс бөлігінің 27 пайызы бөлінеді. Ана мен баланы қолдаудың әлеуметтік бағыты бірнеше деңгейде жүзеге асып жатыр. Көпбалалы аналарға ақшалай көмектен бөлек жеңілдіктердің түр-түрі қарастырылған. Зейнетақыға ертерек шығу, салық жеңілдіктері, тұрғын үй кезегінде басымдық беру мәселелері қарастылып келеді», - деді министрлік өкілі.

Оның айтуынша, аталмыш санат үшін 2025 жылға дейін 40 мың жалдамалы пәтер салынбақ. 56 мың көпбалалы отбасының екі пайыздық ипотека бойынша баспана алуға мүмкіндігі бар.

«Министрлік жанынан құрылған жұмыс тобымен бірге «Бақытты бала», «Бақытты ана», «Бақытты отбасы» «Бақытты ел» бағдарламалар кешені әзірленіп, енгізілді. Елдегі ірі кәсіпорындармен, бизнес қауымдастықтармен меморандумға отырдық. Соның аясында аталмыш ұйымдар көпбалалы қызметкерлерін баспанамен қамтуға атсалысатын болады. Қазірдің өзінде бұл мақсатқа 38 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп отыр»,- деді вице-министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT