Ірі қара саны 406 мың басқа көбейді - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ірі қара саны 406 мың басқа көбейген. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Жалпы, өңірде мал басының көбеюі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 106 пайызды құраған. Оның ішінде ірі қара - 106,7 пайыз (172 мың бас), жылқы - 108,8 пайыз (128,4 мың бас), қой мен ешкі - 106,7 пайыз (520,5 мың бас) және құс-103,3 пайыз (3,4 млн.).

Сонымен қатар, сүт өндірісі 3,4 пайызға (50,1 мың тонна), ет өндірісі 1,2 пайызға (19,3 тонна) және жұмыртқа 8,2 пайызға (122,3 млн.дана) артты.

Атап айтсақ, бүгінгі күні облыста 13,5 мың бас ірі қараға арналған 5 ірі бордақылау алаңы жұмыс істейді. Әсіресе, Еңбекшілдер ауданындағы «ҚазБиф ЛТД» ЖШС 5 мың басқа, Қорғалжын ауданындағы «Агроэкспорт ЛТД» ЖШС 2,5 мың басқа, Атбасар ауданындағы «Бастау» ЖШС 3 мың басқа, Жақсы ауданындағы «Новокиенка» ЖШС 1,5 мың басқа және Астрахан ауданындағы «Колутон 04» ЖШС 1,5 мың басқа арналған ірі бордақылау алаңдары бар.

Ал, Астана қаласы айналасындағы азық-түлік белдеуіне келсек, ағымдағы жылы Ақмола облысында құны 12,3 млрд. теңгенің 20 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Қазірдің өзінде құны 237 миллион теңгенің 2 жобасы, яғни Целиноград ауданындағы «Агрофирма Астық» АҚ-да сыйымдылығы 20 тонна астық сақтау орны және Атбасар қаласында «Зерновой двор» ЖШС-де 9 мың тоннаға арналған элеватор кешені пайдалануға берілді.

Соңғы жаңалықтар