Ірі қара малмен бірге қой шаруашылығына да бетбұрыс жасау керек - Елбасы

None
None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ірі қара малмен бірге қой шаруашылығына да бетбұрыс жасау керек. Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселені көтерді.

«Мен етті мал шаруашылығын бидай өндірісі секілді стратегиялық салаға айналдыру туралы тапсырма жүктеген едім. Осы мақсаттар үшін «ҚазАгро» холдингі арқылы 130 млрд. теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа шаруалар асыл тұқымды мал сатып алады. Алайда, осы несиені қайтаратын мерзімді де естен шығармау керек», - деді Н. Назарбаев. Осыған орай, Мемлекет басшысы мал басының сапасын арттыру үшін селекциялауды күшейту жұмыстарының өзектілігін атап өтті. Елбасының айтуынша, бұл елімізге әкелініп жатқан асыл тұқымды мал есебінен жүзеге асуы шарт.

Бұл ретте Н. Назарбаев қой шаруашылығын дамытуға еркше назар аудару керектігін де жеткізді, елімізде жайылымның 60 пайызы пайдаланылмай тұрғанын да осы ретпен еске салды. «Қой - ата кәсібі. Қазақстанда, егер жаңылмасам, 4 мың құдық бар болатын. Әр құдық маңында 6 мыңға жуық қой жайылатын. Ал қазір ше? Ауылдың төңірегінен алысқа шықпай, бәрін таптап біттік. Бұрынғы кәсіппен жайлымды алдағы жылдарға сақтау үшін ауыстырып отырып пайдалану, қойды осы жолмен бағу қалды. Біздің далада өсетін қойдың еті ең таза ет. Сол үшін ірі қара малмен бірге қой шаруашылығына де бетбұрыс керек болып тұр», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар