+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Ірі қара етін экспорттау 370 млн АҚШ долларын құрайды - Сапархан Омаров

2020 жылғы 26 мамыр 11:12
Бөлісіңіз:
Ірі қара етін экспорттау 370 млн АҚШ долларын құрайды - Сапархан Омаров

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ет экспорттау жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қуаңшылықта Маңғыстау мен Қызылорда облыстарына қандай көмек көрсетілді Брекешев: Егін шаруашылығын органикалық әдіске тезірек көшіру қажет Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандағы климаттың өзгеруі бүкіл Орталық Азияға әсер етеді

«Министрліктің жоспарына сәйкес, биыл мал шаруашылығы өнімдері көлемінің қосымша өсімі 4,2 пайызға немесе 2,6 трлн теңгеге болжамданып отыр. Биылдың төрт айы бойынша жалпы өнім көлемі 656 млрд теңгені құрады, жалпы өнім индексі 2,2 пайызға артты. Барлық өңір бойынша жоспарлы индикативтер белгіленген және оған қол жеткізуге барлық мүмкіндіктер бар», - деді С. Омаров Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, мал шаруашылығы секторында негізгі шаралар ірі қара малының аналық басын көбейтуге бағытталған.

« 2018 жылдан бастап аналық мал басын сатып алуға арналған фермерлік шаруашылықтарды несиелендіру бағдарламасы басталды. Осы уақыт ішінде 1,5 мың фермерлік шаруашылық несие алып, мал сатып алды.Орта мерзімді перспективада трансұлттық компанияларды тарту арқылы зәкірлік кооперацияны дамыту міндеті бар. Фермерлік шаруашылықтарды құрудан күтілетін инвестициялар көлемі 350 млрд теңге және сиыр етін экспорттау 2025 жылы 370 млн АҚШ долларын құрайды. Фермерлік шаруашылықтармен 42 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады», - деп тоқталды министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT