Ірі қалалардағы халықтың сайлауға қатысу көрсеткіші неліктен төменірек болды – сарапшы пікірі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ірі қалалардағы халықтың сайлауға қатысу көрсеткіші неліктен төменірек болды? Бұл сұрақ төңірегінде журналист әрі саяси шолушы Никита Шаталов пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғам қайраткері Мұрат Әбенов сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша сарапшылар форумын өткізіп жатыр . Жиында Никита Шаталов осы сұрақ қойылған болатын.

«Үгіт-насихат жұмыстары барысында популизм өте көп болды. Бір жағынан оның да теріс жағын көріп отырмыз. Біз Қазақстанның ірі үш қаласында, Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте халықтың сайлауға аз келгенін көрдік. Бұл қаладағы орта кластың мобилизациясын білдірсе керек. Яғни ондағы азаматтардың көбі бұл сайлауға аса құлық таныта қоймайды. Мәселен, Қазақстан халық партиясы шығып, «біз несиелік амнистияны қолдаймыз» десе, сол орта клас «тұра тұрыңыздар, біз салық төлеп жатырмыз ғой, біздің есебімізден біреудің несиесін өтемексіздер ме?» деп шек қояды. Ал «Ақ жол» партиясы Алаш партиясының идеясын тірілтеміз десе, сол орта клас «бізде өзіміздің бірегейлімігіз қалыптасып қалды, сондықтан күн тәртібіміз басқа» деуі мүмкін. Көбінесе сол орта кластың біраз өкілін сайлауға әкелген - Nur Otan. Себебі, бұл партия аса бір шұғыл бұрылыссыз келе жатыр. Десе де аталмыш партияға орта кластың толық симпатиясы болды деп тағы айта алмаймыз», - дейді Никита Шаталов.

Еске сала кетсек ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы бюллетеньдері алынғаны кеше хабарланған еді. Ол бойынша Нұр-Сұлтан қаласында халықтың 45,1 пайызы, Алматыда 30,3 пайызы, Шымкент қаласында 56,5 пайызы сайлауға келіп, дауыс бергені белгілі болған.

Ал бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария еткен болатын. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафинаның дерегінше, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29, «Nur Otan» партиясы 71,09%, «ADAL» саяси партиясы 3,57, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы 10,95 және «Қазақстанның Халық партиясы 9,10 пайыз дауыс жинады.


Соңғы жаңалықтар