+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке 3 трлн теңге түсті

2021 жылғы 26 қазан 13:46
Бөлісіңіз:
Ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке 3 трлн теңге түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ірі бизнес субъектілдерінен мемлекеттік бюджетке 3 трлн теңге түсті. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мобильдік ақша аударымдарын бақылау: Мемлекеттік кірістер комитетінің түсінігі Сауда жасайтын шетелдік интернет-компаниялар ҚР бюджетіне салық төлейді Қазақстанда «байлық немесе сән-салтанат салығы» енгізіле ме

«Мониторингте тұрған 343 салық төлеуші ірі бизнес субъектілері саналады. Оның ішінде 99-ы – жер қойнауын пайдаланушылар, 244-і – экономиканың әр түрлі секторларындағы ірі салық төлеушілер. Оларға мемлекеттік бюджетке 44 пайыз және республикалық бюджетке 51 пайыздан астам салық түсімдер тиесілі. Мәселен, осы жылдың 9 айының қорытындысында ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 1 270 млрд теңгеге немесе 36 пайызға ұлғайып, 3 302,3 млрд теңге болды», - деді департамент директоры Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның дерегінше, республикалық бюджетке түсімдер 840,1 млрд теңгеге немесе 50 пайызғ ұлғайып, 2 520,7 млрд теңге болды. Көтерме және бөлшек сауда 26 пайызға немесе 274,8 млрд теңгеге; өңдеу өнеркәсібі 17,4 пайызға немесе 184,8 млрд теңгеге; қаржы және сақтандыру қызметі, жылжымайтын мүлікпен операциялар 14,2 пайызға немесе 151 млрд теңгеге; құбыржолы арқылы тасымалдау 38,7 пайызға немесе 33 млрд теңгеге өсті.

«Түсімдердің ұлғаюы пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру және салықтық әкімшілендіру сапасын жақсарту кезеңіне келді. Әкімшілендіру сапасының жақсаруына тәуекелдерді бағалау жүйесі ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, салықтық тексерулерді тағайындау әсер етті. Осы жүйені қолдану тәуекел дәрежесін бағалау көрсеткіштері негізінде салықтық тексерулер үшін ірі бизнес субъектілерін нақты іріктеуге мүмкіндік берді. Онда тексерулер тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған салық төлеушілерге қатысты тағайындалады. Жалпы, 2021 жылғы 9 айда ірі салық төлеушілерді 34 салықтық тексеру аяқталды. Жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша 46,5 млрд теңге салықтар мен өсімпұлдар қоса есептелді», - деді Ануар Сүлейменов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT