Ірі астероид Жерге өте жақын қашықтықта ұшып өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 15 мамырында өлшемі 60 метрдан 130 метрге дейін болатын Астероид 2010 WC9 жерден қауіпсіз қашықтықта ұшып өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқапарат» ХАА корреспонденті.

Аспан денесінің Жердің қасынан ұшып өтуі мұндай көлемдегі астероидтың біздің планетамызға өте жақын келуі болып саналады.

Астрономдар алғаш рет Каталина аспан шолуының көмегімен 2010 WC9 астероидын  2010 жылғы 30 қарашада байқап, сол жылдың 10 желтоқсанына дейін бақылаған.

Көзге іліккен күннен 8 жыл өткен соң,  2018 жылдың 8 мамырында, астрономдар аспан денесін тауып, оған ZJ99C60 деген атау береді. Содан соң олар баяғы 2010 WC9 астероидына қайта ұшырасқандарын түсінеді.

Астероид жерден 203453 км қашықтықта өтеді, бұл - Жер мен Айдың арасындағы қашықтықтың 0,53 көлемі. Jet Propulsion Laboratory NASA болжамы бойынша, 2010 WC9 астероиды 300 жылдан бері Жерге ең жақын қашықтықта ұшып өткен астероид болып отыр.

Фото: davydov.in

Соңғы жаңалықтар