Иранның оңтүстік-шығысында қатты жер сілкінісі болды

None
None
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан провинцияларында магнитудасы 5,6 балл болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі.

Тегеран университеті Геофизика институты жанындағы Сейсмология орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, жергілікті уақытпен сағат 10:53-те жер сілкінісі орын алған.

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Систан және Белуджистан провинцияларына қарасты Безман ауданының Месджид-и Хазрети Абульфазл ауылында болған. Ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ. 

Соңғы жаңалықтар