Иранның оңтүстігінде 5,7 балл қуатымен жер сілкінді

None
None
ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат - Бүгін Иранның оңтүстігіндегі Руйдар қаласында жергілікті уақыт бойынша сағат 09.37-де 5,7 балл қуатымен жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ирна» агенттігіне сілтеме жасап.

Зілзаланың ошағы 8 шақырым тереңдікте орналасқан. Дүмпулер Бандар Аббас қаласынан 130 шақырым қашықтықта тіркелді.

Жер сілкінісі болған жерге медициналық бригадалар мен құтқарушылар аттандырылды. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Еске салайық, 2017 жылдың 12 қарашасы күні Иранның батысындағы Керманшах провинциясында 7,3 балл қуатымен жер сілкініп, салдарынан 600-ден астам адам қаза болған еді.

 

 

Соңғы жаңалықтар