Иранның оңтүстігінде 19 тонна есірткі тәркіленді

None
None
БУШЕР. ҚазАқпарат - Бушер провинциясының есірткіге қарсы күрес кеңесінің бас хатшысы Арасту Торкаманманэш осы жылдың басында аталмыш провинцияда 19 тонна 640 келі есірткі тәркіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ИРНА.

«Есірткі көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ға артқан», - деп мәлімдеді ол.

«Теңіз арқылы есірткі тасымалдауға тоқталар болсақ, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, Ислам революциясы сақшылары корпусы күштерінің қырағылығының арқасында Бушер провинциясында теңіз арқылы тасымалданған есірткі айналымының 14 тонна 425 келісі тәркіленген», - деді ол.

Иран полициясы жыл сайын опиумның әлемдік айналымының - 80, героин мен морфиннің 40 пайызын тәркілеуде.

Соңғы жаңалықтар