Иранның мұнай танкеріне теңіз қарақшылары шабуыл жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның әскери кемелері пираттардың Аден шығанағының маңындағы мұнай танкеріне жасаған кезекті шабуылына тойтарыс берді. Бұл туралы дүйсенбіде İRİB ақпараттық агенттігінен хабарлады.

Жылдам жүретін кішкене кемелерге мінген теңіз қарақшылары Иран танкерлеріне Йеменнің әл-Мукалла кемежайының маңында жақындаған, алайда әскери-теңіз флотының 32-ші флотилиясы әскери кемелерінің боратылған атысынан шегінуге мәжбүр болды.

Иранның Әскери Теңіз күштері 29 желтоқсанда пираттардың 8 қайығына Баб-эль-Мандеб бұғазындағы мұнай такеріне жасаған шабуылы кезінде тойтарыс берген.

Иран әскери-теңіз флотының командирі, контр-адмирал Хабиболла Сайяри өткен жылдың қараша айында елдің әскери-теңіз күштерінің ирандық сауда кемелері мен мұнай танкерлеріне пираттар жасаған 150-ден астам шабуылдың бетін қайтарып, соңғы бірнеше жылдың ішінде шамамен 2000 коммерциялық кемелерді қорғағанын айтты.

Соңғы жаңалықтар