Иранның Қазақстандағы Елшісі Президенттің биылғы Жолдауының басты ерекшелігін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің бүгінгі Жолдауы өңірлерді дамытудан бастап азаматтардың құқығын сақтауға дейінгі сан түрлі саланы қамтыды. Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Маджид Самадзаде Сабер осындай пікірде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әрі қарай даму жолын жариялады. Жолдауда бұл мәселелерге өте көп тарау арналды. Олардың орындалуы Қазақстанды жарқын келешекке жеткізеді деп үміттенемін. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына сенім артып отырған Қазақстанның данышпан халқына ризашылық білдіргім келеді»,- деді Маджид Самадзаде Сабер.

Елші Қазақстан Президентінің Жолдауындағы негізгі басымдықтарды атады.

«Бүгінгі Жолдаудың тағы бір ерекшелігі бүкіл салаларды қамтыды. Тіпті өңірлерді, облыстар мен шағын қалаларды дамыту сияқты ел дмауындағы аса маңызды мәселелердің бәрі қозғалды. Президент бұл проблемаларға айрықша көңіл бөліп отыр. Елді дамытуға атсалысуына халықтың мүдделі екенін көрсетті. Сондай-ақ, демократияның дамуы мен адам құқықтарының сақталатынына сенім нығайды», - деді Маджид Самадзаде Сабер.


Соңғы жаңалықтар