Валюта бағамдары:
    usd/kzt 455 eur/kzt 492.13

    rub/kzt 5.94 cny/kzt 66.11
Ауа райы:
Астана+2+4℃
  Jańalyqtar  >

Ираннан Алматыға 866 мың қорап темекіні заңсыз жеткізбек болған

2023 жылғы 26 қаңтар, 11:26

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Экономикалық тергеу департаменті бірлесіп, ірі контрабандалық темекі өнімінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, «Морпорт» кеден бекетінде Иран Ислам Республикасынан Алматы қаласына бағыт алған контейнер ұсталды.

«Инспекциялық тексеру кешені (ИТК) арқылы тексерілгеннен кейін контейнер ашылды. Қызметкерлер құжаттар бойынша мәлімделген «жарықдиодты шамдардың» орнына 866 мың қорап көлемінде жарияланбаған тауар – темекі тапты.

Мемлекетке келтірілген залалдың, төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың алдын ала сомасы кемінде 300 млн теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 234 бабымен қылмыстық іс қозғалды, жедел іс-шаралар жүргізілуде», - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды.


Фото: pixabay

Автор:

Асхат Райқұл

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары