+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ираннан 1,7 млрд теңгенің темекісін елге заңсыз кіргізбек болған қылмыстық топ сотталды

2021 жылғы 18 маусым 17:01
Бөлісіңіз:
Ираннан 1,7 млрд теңгенің темекісін елге заңсыз кіргізбек болған қылмыстық топ сотталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында Ираннан 1,7 млрд теңгеге темекі контрабандасы дерегінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Жыл сайын темекі өнімдерінің қара нарығына ондаған миллиард темекі тасымалданады.

Мысалы, тек өткен жылы Қазақстанға 1,2 млрд астам теңгеге 7,9 млн астам темекі қорабы заңсыз тасымалданды.

Контрабанда темекі өнімдеріне салық салу жүйесіне нұқсан келтіріп, темекі шегуді жастарға қол жетімді ету арқылы қоғамға айтарлықтай зиян келтіреді.

Көбіне темекі өнімдерінің контрабандасынан түсетін кірістерді қылмыстық және террористік топтар қалтасына басады. .

Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Иран Республикасынан Қазақстан аумағына темекінің экономикалық контрабандасын іске асырған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.

Тергеу барысында Ақтау қаласы «Морпорт» кеден бекеті басшысының қолдауымен Ираннан керамикалық плитка мен томат пастасы түрінде 30 контейнер темекі заңсыз тасымалданғаны анықталды.

Темекінің заңсыз контрабандасына көмек көрсету үшін ҰҚТ мүшелері ақшалай сыйақы ұсынған.

Тәркіленген темекінің кедендік құны – 1,7 млрд астам теңгені, кедендік төлемдер мен салықтар – 4,8 млрд астам теңгені құрады.

Басты ұйымдастырушы және лауазымды тұлға – 10 жылға, құқыққа қарсы қызметтің үш сыбайласы 5 жылға сотталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT