Иранға шетелдегі 100 млрд доллар активі қайтарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран 100 млрд-қа жуық доллар сомасындағы шетелдік активтерінің қайтарылуы туралы жариялады. Бұл қаражат 2012 жылы салынған санкцияларға байланысты құрсауланған.

Бұл бірнеше жыл ішінде Қытай, Үндістан, Жапония және басқа елдердің банктеріндегі есепшоттарда жиналған мұнай келісімдерінен түскен табыс болатын.

«Бұл активтер толық қайтарылды, енді оларды пайдалана аламыз», - деді ел үкіметінің ресми өкілі Мохаммед Бакр Новбахкт жергілікті теледидарға берген сұхбатында.

Қаржылардың кері қайтарылуына иран банкілерінің SWIFT аударым жүйесіне қосылмауы кедергі келтірген. Жексенбі күні елдің Орталық банкі банктердің аталған жүйеге қайта қосылғандығын жария еткен еді.

Соңғы жаңалықтар