Ирандық компания Ақтау мен Горган арасында әуе рейсін ашуы мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда Ақтау-Горган арасында әуе рейсі ашылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ирандық «Pouya Air» әуе компаниясы ҚР Индустрия және индустриалдық министрлігі Азаматтық авиация комитетіне Қазақстан Республикасында шетелдік тасымалдаушы аккредитациясынан өтуге өтініш берді.

«Pouya Air» авиакомпаниясы 2019 жылдың көктемгі-жазғы навигация кезеңінен бастап алғаш рет Ақтау - Горган бағытында тікелей халықаралық рейстерді орындауды жоспарлап отыр. Рейстер жиілігі аптасына 2 рет Embraer-145 әуе кемесімен жүргізіледі. Рейстерді ашу алдағы уақытта Қазақстан мен Иран арасындағы өзара сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Ақтау қаласының әуежайына келіп-кететін жолаушылар ағынын арттырады», - деді Азаматтық авиация комитетінен.

Соңғы жаңалықтар