Ирандық инвестор Бәйдібек ауданында кірпіш зауытын салады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов Ирандық «Farаdid Meehan» компаниясының халықаралық байланыс жөніндегі директоры Абдолреза Шохуд Талабпен кездесті. Иран елінен келген кәсіпкер аталған ауданда кірпіш зауыты салғысы келетінін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Иран елінің белді кәсіпкерімен кездесуде аудан басшысы еліміздің терең тарихы мен салт-дәстүрлерін айтып, алдағы уақытта ынтымақтастық аясында тығыз жұмыс жасайтынын жеткізді. Сонымен қатар, иран жұртымен өнеркәсіп саласында әріптестік орнатуға ынталы екенін атап өтті.

Өз кезегінде Ирандық Абдолреза Шохуд Талаб бастапқыда ауданға қомақты көлемде инвестиция салып, ынтымақтастық орнатуға дайын екенін айтты. Келіссөздер нәтижесінде Бәйдібек ауданының әкімдігі мен Ирандық «Farаdid Meehan» компаниясының халықаралық байланыс жөніндегі директоры Абдолреза Шохуд Талабпен және "СПК " Түркістан АҚ филиал директоры Н.Ильясов арасындағы өзара түсіністік меморандумы түзілді. Аталған құжат аясында Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округіндегі индустриалды аймақтан арнайы жер бөлініп, кірпіш зауыты ашылатын боп келісілді.

Айта кетерлігі, ирандық инвестор ауданнан соғылатын зауытта кірпіштің 7 түрін шығармақ. 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып, бір айда 4-5 млн, жылына 60-70 млн кірпіш шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар жоба іске асқаннан соң, келер жылы тағы 10 млн теңге көлемінде қаржы құюды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар