Ирандағы жер сілкінісі: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Ирандағы жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Ирандағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ», - делінген ведомство баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, Иранның батысында 5,9 балл қуатымен болған жер сілкінісі салдарынан 146 адам зардап шеккен болатын.

Зілзала ошағы Кирманшах провинциясында болды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар