Ирандағы жағдайдан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ - СІМ

2023 жылғы 30 қаңтар, 14:20
Ирандағы жағдайдан қазақстандықтар зардап шеккен жоқ - СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрлігіне Ирандағы жер сілкінісі мен жарылыс кезінде зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иран билігінің мәліметінше, зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Елшілікке мұндай ақпарат түскен жоқ», - деді ҚР СІМ ресми өкілі.

Еске салсақ, сенбі күні Иранның солтүстік-батыс 5,9 балдық жер сілкінісі болды. Оқиғаның салдарынан екі адам қаза тауып, 816 адам зардап шеккен.

Сонымен қатар, дәл сол күні Иранның әскери инфрақұрылымдарында бірнеше қуатты жарылыс болды.

Атап айтқанда, Шахид-Салими қаласында қозғалтқыш майын шығаратын ірі зауыт өртенді.

Ұшқышсыз ұшатын аппараттар орталық провинциядағы Исфахан қаласында әскери қойма мен оқ-дәрі өндіретін орталыққа шабуыл жасаған.

Сонымен қатар Иранның батысындағы Дизфуль қаласында авиабазада жарылыс болып, елдің батысындағы Хамадан мен солтүстігіндегі Решт қалаларында өрт болған.

Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасалған.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar